Ел халқының саны артып, отандық азық өндірісі құлдырап барады - мәжілісмен У. Бишімбаев

АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат -  Соңғы 5 жылда елімізде халық санының өсуі қарқындағанымен, отандық азық өндірісі құлдырап барады.
None
None

Бүгін Парламент Мәжілісінде еліміздегі азық-түлік өнімдерінің бағасын реттеу мәселелерін талқылау барысында депутат Уәлихан Бишімбаев осылай мәлім етті.   

Депутаттың айтуынша, 2007-2012 жылдар бойынша азық-түлік себетіне енетін тауарлардың жекелеген түрлерін елімізде өндіру төмендеген. Тек жеміс-жидектер, көкөніс өндіру мөлшері ғана аздап өсуде. Осының өзі азық-түлік бағасына әсерін тигізеді. «Нан мен ұнға бағаны жергілікті билік әзірше уыста ұстап тұр. Ал көкөніс пен жемістерге маусымдық бағаның төмендеуі байқалғанымен, жалпылама өсіп жатыр. Әсіресе қияр мен қызанақ. Сонымен қатар, бұның ауқымды бөлігі импортталып, Қытайдан, Әзербайжаннан, Қырғызстаннан жеткізілуде», - дейді У. Бишімбаев.

Бұдан бөлек, депутат  соңғы 5 жылда республика халқының саны 8,3 пайызға артқанын және бұл үдеріс қарқынды болып отырғанын айтты. «Алайда, ірі қара мал басының саны 14 пайызға, қой - 6,6 пайызға, шошқа - 35 пайызға кеміген. Бұның өзі отандық азық-түлік тауарларының жан басына шаққандағы үлесі кеміп отырғанын көрсетеді. Мемлекет басшысы ет экспортын 60 мың тоннаға жеткізу межесін қойды. Ал біздің былтырғы 2011 жылғы көрсеткішіміз бар-жоғы 59-60 тоннаны ғана құрап отыр», - деді У. Бишімбаев.

Соңғы жаңалықтар