Ел ішіндегі тұрақтылық бүгінгі күнгі жетістіктеріміздің негізі - Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІ сессиясы

sp;АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгінгі күні Астанада 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІ сессиясында елорда әкімінің орынбасары Әмірхан Рақымжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ә.Рақымжановтың атап көрсеткеніндей, бүгінгі күні Астанада 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады, 26 этномәдени орталық жұмыс істейді. Сондай-ақ, қалада әрбір этносқа өзінің тілі мен дәстүрін дамытуға мүмкіндік беріп отырған жексенбілік 12 мектеп бар.

«Ұлтаралық келісімге қол жеткізу тұрғысында бұлар маңызды элеменеттер екендігіне келісемін. Дей тұрғанмен, біз бір мезгілде барша қазақстандықтарды біріктіретін басты факторлардың бірі - мемлекеттік тілді дамытуға бар күш-жігерімізді салуымыз қажет. Биылғы жылы Ассамблеяның күшімен ғана этномәдени бірлестіктер мүшелеріне қазақ тілін үйрететін 8 топ құрылды. Бұл істің басы ғана. Астаналық Ассамблея елордалықтарға мемлекеттік тілді үйрету үрдісін өз тізгініне алуы тиіс. Бұл үшін қалада барлық жағдай жасалған», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, бұл істе этномәдени бірлестіктердің төрағаларына ерекше міндеттер жүктеліп отыр. Себебі олар, ең алдымен, диаспоралардың көшбасшылары - бұқаралық және беделді тұлғалар болып табылады. Ал олардың мол тәжірибелері ақпараттық-насихаттық жұмыстарды тиімді жүргізіп  ғана қоймай, сонымен қатар мемлекетіміздің ұлттық саясатын нақты жеткізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ әкім орынбасары, Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Назарбаевтың «Бірлік -  тыныштық пен түсіністік бар жерде үстемдік етеді», деген сөздерін келтіре отырып, ел ішіндегі тұрақтылық бүгінгі күнгі жетістіктеріміздің негізі болғандығын қадап айтты.

Соңғы жаңалықтар