Ел мегаполистерінде доллар бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде:
- доллар: сатып алу 533,43 теңге, сату 535,72 теңге;
- еуро: сатып алу 621,38 теңге, сату 625,74 теңге;
- рубль 6,67 - 6,78 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар 530,55 теңгеден сатып алынады, 537,55 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу 615,47 теңге, сату 623,95 теңге;
- рубль: сатып алу 6,71 теңге, сату 6,82 теңге.
Шымкент қаласында шетелдік валюта бағамы:
- долларды 532,83 теңгеге сатып алынады, 536,04 теңгеден сатылады.
- еуро 617,65-623,17 теңге арасында саудаланады.
- рубль 6,70 теңгеден сатып алынады, 6,76 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 22 шілде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы сәл қымбаттап, 531,96 теңге болды.