Ел өміріндегі ұлы оқиға - Әлима Әбдіхалықова

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау ел өміріндегі ұлы оқиға саналады. Бұл мерейтойдың тәуелсіз Қазақ елінің еңсесін көтеріп, бойын тіктеп, өз қуатын дәлелдейтіндей деңгейге жеткенде тойлануы ерекше құбылыс.

Ел өміріндегі ұлы оқиға - Әлима Әбдіхалықова
Жетпіс жыл бойы Кеңес Одағының боданында болып, тек КСРО тарихымен сусындаған ұрпақ ата тарихтан алшақтап, елдің өткен өмірінен тысқары қалды. Тәуелсіздікпен бірге келген сана бостандығы біздің өшкенімізді жандырып, өлгенімізді тірілтті. Соның бір жарқын көрінісі - Елордада тойланған Қазақ хандығының 550 жылдығы. Облыстық «Азаматтық Альянс» қауымдастығының төрайымы Әлима Әбдіхалықова мерейтойдан алған әсерімен осылай бөлісті.

«Ел астанасындағы Тәуелсіздік сарайында Елбасының қатысуымен өткен салтанатты шара оған қатысушылардың жүрегіне қуаныш сезімін ұялатты. Сарыарқа төрінде бой көтерген этно-ауылда тігілген қазақи қараша үйлерді, үлкен сахнадағы қойылымдарды, спорттық алаңдағы ұлттық ойындарды, алтыбақан мен тайқазан төңірегіндегі ұйымдастырылған ұлттық салт-дәстүрлерге бай шаралар мен ырым-жоралғыларды көріп, шыны керек, сонау он тоғызыншы ғасырға оралғандай әсер алдым», - дейді Ә. Әбдіхалықова.

валюта
Ұқсас жаңалықтар

Апта басында доллар бағамы қандай