16:10, 26 Қараша 2014 | GMT +5
Ел өңірлерінде 30-35 градус аяз болады - «Қазгидромет» РМК
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда таяу күндері 30-35 градус аяз болады деп күтілуде, деп хабарлады РГП «Қазгидромет» РМК.

«Таяудағы тәуліктерде батыс облыстарды қоспағанда, республиканың барлық аумақтарында дерлік қар жауады, солтүстікте боран соғып, желдің екпіні 13-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстік өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ орын алады. Қар қалыңдай түседі деп күтілуде. Кейінгі екі тәулікте түнгі ауа температурасы қайтадан 22-27 градусқа төмендесе, жер-жерлерде аяздың күші 30-35 градусқа дейін жетпек, оңтүстікте 10-20 градус аяз болады. Осы кезең үшін бұл температура климаттық нормадан 7-8 градусқа төмен», - делінген хабарламада.