Ел өңірлерінде құрма бағасы қаншадан
ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Қазақстан қалаларындағы базарлар мен сауда орындарында құрманың бағасы сұрпына қарай құбылып тұр. Әсіресе «королек» пен «ромашка» сұрыптарының құны арасында бірқатар өңірде едәуір айырмашылық бар.
Баға мониторингінің қорытындысына сәйкес, Қазақстанның 20 қаласында «королек» сұрыпты құрманың бір келісі 780 теңгеден 2 650 теңгеге дейін саудаланады. Ең төменгі баға Көкшетауда тіркелсе, ең жоғары баға Алматыда анықталған.
Атап айтқанда, Алматыда «королек» сұрыпты құрманың бір келісі 2 650 теңгеден сатылып жатыр. Қонаев қаласында – 2 000 теңге, Астана мен Шымкентте – 1 600 теңге. Өскеменде бұл сұрыптың бір келісі 1 400 теңге болса, Семейде – 1 380 теңге. Оралда 1 245 теңгеден, Жезқазғанда 1 200 теңгеден саудаланады.
Ал өзге қалалардың басым бөлігінде оның бағасы 1 100 теңгеден төмен. Атырау мен Петропавлда бір келісі 1 050 теңгеден ұсынылса, Ақтөбеде – 1 000 теңге, Қостанайда – 980 теңге. Қарағанды, Павлодар және Қызылордада 900 теңгеден, Түркістанда 800 теңгеден сатылып жатыр. Ең арзан баға Көкшетауда тіркелген – 780 теңге.
«Ромашка» сұрыпты құрманың бағасы бұдан төмен. Бұл сұрыптың бір келісі Көкшетауда 580 теңгеден сатылса, ең қымбат баға Атырау мен Семейде тіркелген – 1 300 теңгеден.
Қарағандыда «ромашка» сұрыпты құрманың бір келісі 600 теңге тұрады. Түркістанда – 650 теңге, Қызылордада – 750 теңге. Таразда 780 теңгеден, Ақтөбе мен Жезқазғанда 800 теңгеден, Шымкентте 850 теңгеден саудаланады.
Ал Астана, Алматы, Ақтау және Қонаев қалаларында бұл сұрыптың бір келісі 1 200 теңгеден сатылып жатыр. Қостанайда оның бағасы 1 205 теңге болса, Павлодарда – 1 100 теңге, Оралда – 1 080 теңге. Петропавлда 990 теңгеден, Талдықорғанда 965 теңгеден ұсынылған.
Жалпы, баға көрсеткіштеріне қарағанда, «ромашка» сұрыпты құрма көпшілік қалада «королекке» қарағанда арзанырақ. Екі сұрыптың да ең төменгі бағасы Көкшетауда тіркелген. Ал сатып алушылар үшін ең қымбат ұсыныстардың бірі Алматыда байқалады.
Бұған дейін Kazinform тілшісі Қазақстан қалаларындағы жылытқыштың бағасы қанша тұратынын анықтаған болатын.