Ел өңірлерінде жел күшейіп, көктайғақ болады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 13 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультация жарияланды.

Тұман, көктайғақ: 28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Синоптиктер болжамынша, кең антициклонның әсерінен елдің көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

— Күндіз атмосфералық фронтальды бөлімдер өткеннен кейін ғана Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Республика бойынша тұман күтіледі. Солтүстік-шығыста, Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында жел 15-20 м/с күшейеді, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұдан бұрын республика бойынша тұман түсетінін жазған едік.