08:31, 08 Қыркүйек 2009 | GMT +5
«Эльпида достарын шақырады» - Павлодардағы грек мәдениетінің фестивалі
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 8-і. КАЗИНФОРМ /Николай Кузнецов/ - Павлодарда қыркүйектің 11-і мен 12-сі аралығында облыстық «Эльпида» этномәдениет бірлестігінің 10 жылдығына арналған грек мәдениетінің фестивалі өтеді.
«Эльпида достарын шақырады» іс-шарасы шіркеуде мінәжат етуден басталады, Благовещенск ғибадатханасының аумағына ағаштар отырғызылады.
Мерекеге еліміздің басқа облыстарынан, Ресей Федерациясынан және Грекияның Қазақстандағы елшілігінен қонақтар келеді. Қонақтардың ішінде ҚР халық әртісі Лаки Кесоглу бар.
Грек мәдениетінің фестивалі үлкен мерейтойлық концертпен аяқталады.