«Ел Президентінің Конституциялық бастамалары - демократияны одан әрі дамытудың факторы» атты республикалық конференцияның жұмысы басталды

АСТАНА. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін елордада Білім және ғылым министрлігінде «Ел Президентінің Конституциялық бастамалары - демократияны одан әрі дамытудың факторы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысы басталды,

«Ел Президентінің Конституциялық бастамалары - демократияны одан әрі дамытудың факторы» атты республикалық конференцияның жұмысы басталды

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиында азаматтық қоғам қалыптастыруда және бәсекеге қабілетті, әлеуеті жоғары саяси жүйе түзуде Конституцияның алар орны, Елбасының осы үрдістегі рөлі талқыланады. Сондай-ақ ғалымдар мен қоғам қайраткерлері тәуелсіз Қазақстандағы демократиялық үрдістің конституциялық негізін реттеудің неғұрлым тиімді түрі мен әдістерін әзірлеу турасында пікір алмасатын болады.

Конференцияға Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Ғайрат Сапарғалиев, Конституциялық кеңестің мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары және республикалық ЖОО-ның басшылары мен ұстаздары қатысуда.

 «Осыдан жиырма жыл бұрын жаңа туған Қазақстан атты елдің тағдыры мемлекет басшылығына артылды. Қазақстан - демократия принциптері бойынша дамуды таңдады. Конституция осы іс бағытындағы ең алғашқы қадамдардың бірі болды», деді Ж. Түймебаев.

«Мемлекеттілігіміздің қалыптасу, өзгеру үдерісінің басы-қасында ел Президенті Н. Назарбаев болды. Мемлекет қайраткері ретінде Елбасы өтпелі кезеңдегі проблемаларды, қарама-қайшылықтарды көрсетіп қана қоймай, аса мұқият зерттелген дағдарыс жағдайынан шығудың жолдарын ұсынған болатын. Сол кездегі оның көрегендігінің арқасында жасалған ірі қадамдар дер уақытында басталғандығын көрсетіп отыр», деп атап көрсетті министр өз баяндамасында.

 Конференцияның жалпы отырысынан кейін қатысушылардың секциялық тақырыптар бойынша пікір алмасуы жоспарланған.