Ел Тәуелсіздігі күніне арналған дөңгелек үстел мәжілісі өтті
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отырыс барысында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Саттар Мәжитов баяндама жасап, тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері тарихына шолу жасады.Отырысқа белгілі ғалым, академик Сұлтан Сартаев қатысып, тәуелсіздікке жету жолындағы күрес, тарихи сәттер, тұлғалар еңбегі жайлы баяндады. Ол сонымен қатар ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің отырысында «ҚР Тәуелсіздігі туралы» Конститутциялық заңның қабылданғаны, соның ізінше Түркияның тәуелсіздігімізді танығаны жайлы естелік айтты. Отырыс барысында Қазақстанның тәуелсіз ел ретіндегі даму жолдары, демократиялық, зайырлы ел ретінде қалыптасуы жайлы мәліметтер айтылды. Отырысқа қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен студенттер қатысып, тәуелсіздік туралы ойларын ортаға салды.