Ел тұрғындары тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауды өз ықтиярымен істейді деген үміттеміз - Н. Қаппаров

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау бойынша міндеттелмейді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.
None
None

«Біз ешкімді де міндеттемейміз. Азаматтар бұл игілікті жұмысты өз ықтиярымен істейді деп үміттенеміз. Осыны атқару үшін, қалдықты сұрыптау дұрыс екенін түсіндіру керек. Ал бұндай мүмкіндікті жасау үшін аулаларда қоқыс салатын екі жәшікті орнату қажет. Олардың бірі азық-түлік қалдықтарына, екіншісі өзге қалдықтарға негізделуі тиіс. Осындай жағдай жасалғаннан кейін, адамдар әр қалдықты өз орнына бөліп тастау керектігін түсінеді. Адамдар бірден қалдықтарды сұрыптайды деп ойламаймыз, дегенмен де тұрғындар бірте-бірте осы мәселеге мән бере бастайды. Кейіннен, экологияға жауапкершілікпен қарайтындардың қарасы қалыңдай түседі деген ойдамын»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанда алғашқы кезде азық-түлік және азық-түлік емес қалдықтар болып сұрыпталады. Бұл жүйе ең бірінші Астанада енгізілуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар