Ел тұрғындарының коммуналдық төлем қарызы 8 млрд. теңгені құрайды

ТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ел тұрғындарының коммуналдық төлем қарызы 8 млрд. теңгені құрайды.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық форматтағы отырысында ҚР Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.

«Өткен жыл маусымының соңында тұтынушылардың коммуналдық төлем қарызы 8,7 млрд. теңгені құрады. Ал ағымдағы жылдың 11 қарашасындағы мәліметтер бойынша тұтынушылардың коммуналдық төлем қарызы 8 млрд. теңге болды. Яғни 750 млн. теңгеге төмендеді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, агенттік аталған қарыздарды төмендетуге бағытталған арнайы жоба әзірлеп, оны бекіткен. Аталған құжатқа сәйкес жылу беру маусымы қарсаңында әкімдіктер коммуналдық төлем қарыздарын 40 пайызға төмендетуі қажет.

«Қарыздары 40 және одан жоғары пайызға төмендетуге Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Жамбыл, Павлодар, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері қол жеткізді. Қалған әкімдіктер бұл нәтижеге жеткен де жоқ», - деп атап өткен агенттік басшысы Қарағанды облысы мен Алматы қаласында қосымша қарыздарды төмендетуге бағытталған жұмыстардың қарқынды жүріп жатқандығын айтты.

Соңғы жаңалықтар