Ел Үкіметі 2010-2014 жылдарға арналған құрылыс индустриясы саласын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту бағдарламасын мақұлдады

АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ел Үкіметі 2010-2014 жылдарға арналған құрылыс индустриясы саласын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту бағдарламасын мақұлдады. Аталған құжатты бүгін Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Берік Камалиев Үкімет мүшелерінің назарына ұсынды.
None
None

Қазіргі уақытта аталған салада бірқатар проблемалардың бар екендігіне тоқталған вице-министр «бағдарлама ішкі нарықтың отандық құрылыс материалдарына қажеттілігін 80 пайызға қанағаттандыру, жалпы қосылған құнды 76 пайызға, саладағы еңбек өнімділігін 40 пайызға арттыру сынды негізгі міндеттердің оң шешілуін қарастырады», деді.

Оның айтуына қарағанда, бағдарламаны жүзеге асырудың жолдары мен тетіктері ретінде істеп тұрған кәсіпорындарды жаңарту, құрылыс индустриясының жаңа кәсіпорындарын салу, құрылыс материалдарын сатып алу бойынша ұзақ мерзімді келісім шарттарға отыру, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында қазақстандық қамту үлесін арттыру, инновациялық гранттар бөлу және кадрларды даярлау қарастырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар