Ел үмітін арқалаған М.Мұқашева Мәскеудегі әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Маргарита Мұқашева Мәскеуде өтіп жатқан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында 800 метрге жүгіруде жартылай финалға өте алмады,

Ел үмітін арқалаған М.Мұқашева Мәскеудегі әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

деп хабарлайды, Vesti.kz тілшісі.

27 жастағы қазақстандық спортшы өз тобында 2 минут 2,6 секунд нәтижемен 7-ші орынға табан тіреді. Ал бұл топта американдық Бренд Мартинез 800 метрді 1 минут 59,39 секундта жүгіріп өтіп, үздік нәтиже көрсеттті.

Айта кетерлігі, М.Мұқашева биылғы универсиада ойындары барысында 800 метрді 1 минут 58,96 секундта жүгіріп өткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, жеңіл атлетикадан XIV әлем чемпионаты Мәскеудегі "Лужники" стадионында өтуде. 10 тамызда басталған жарыстар 18 тамызда аяқталады.