Ел үмітін арқалаған саңлақтар. Қазақстан ауыр атлеттері Әлем біріншілігінде қанша алтын ала алады?

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Хьюстон қаласында қараша айының 20-28 аралығында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты жалауын желбіретеді.

Ел үмітін арқалаған саңлақтар. Қазақстан ауыр атлеттері Әлем біріншілігінде қанша алтын ала алады?

Бұл сайыс - 2016 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама үлестіретін маңызды додалардың бірі. Сондықтан жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен кілең мықтылар келетіні анық. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы таратқан мәліметтерге сүйенсек, аталмыш біріншілікке 105 мемлекеттен 745 зілтемірші қатысуға ниет білдіріпті. Оның ішінде 16 ауыр атлет (9 ер, 7 әйел) Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері.

Қазақстан зілтеміршілерін баптайтын Алексей Ни ерекше маңызға ие додада кімдерге үміт артып отырғаны туралы осыған дейін де айтқан болатынбыз. Олар мыналар: ерлер арасында 56 келі салмақта - Арли Чонтей, 62 келіде -Фархад Харки, 77 келіде екі бірдей спортшымызға сенім артылған, оның бірі - Нижат Рахимов, екіншісі - Айдар Қазов. 85 келіде де қос спортшымызға үміт артып отырмыз. Олар - Денис Уланов пен Ермек Өміртай. Ал 94 келі салмақта қазақтың қос қыраны Жасұлан Қыдырбаев пен Алмас Өтешов сынға түседі. Жасұлан ауыр атлетикадан қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы болса, Алмас осы спорт түрінен қазақ баласынан шыққан тұңғыш жүлдегері. Екеуі де қазір нағыз бабында. АҚШ-та қазақтың туын желбіретеді деген сенімдеміз. Ал 105 келі салмақта ел намысын Александр Зайчиков қорғайтын болады.

Әйелдер арасында да осалдары жоқ. Барлығы да осыған дейінгі бәсекелерде жеңіс тұғырының биік сатыларынан көрініп жүрген саңлақтар. Олар: 53 келіде Маргарита Елисеева, 63 келіде Карина Горичева сынға түссе, 69 келі салмақта ауыр атлетикадан қазақ қыздары арасында тұңғыш әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған қаракөз қарындасымыз Жазира Жаппарқұл ел намысын қорғайды. Бұл салмақта Лондон Олимпиадасының чемпионы Майя Манеза да өз күшін сынап көрмек. Ал 75 келі салмақ дәрежесінде тағы бір Олимпиада чемионымыз Светлана Подобедова күш сынасады. Ал 75 келіден жоғары салмақта екі бірдей отандасымыз ел намысы үшін барын салатын болады. Оның бірі - Надежда Ногай, екіншісі -Александра Аборнева.

Ал Қазақстан құрамасында Илья Ильин, Зульфия Чинчанло, Владимир Седов бұл жарысқа қатыспайтын болды. Әлемнің төрт дүркін, Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин бұл біріншіліктің орнына Ресей Федерациясы Президентінің Кубогына қатысуды жөн санапты. Ол жарыс 11-14 желтоқсан күндері Грозныйда өтеді.

Жоғарыдағы әлем біріншілігіне қатысатын жерлестеріміздің аты-жөндеріне қарап отырсақ, қазақтың қара домалақ ұлдары мен қаракөз қыздарының саны жылдан жылға артып келе жатқанын байқаймыз. Бұл кімді де болса қуантатыны анық. Осы орайда, ауыр атлетикадан қазақ спортшыларының әлеуеті қалай деген сұраққа қысқа ғана тоқтала кеткенді жөн көріп отырмыз.

Соңғы жылдары қыз-жігіттер қазаққа зіл темір бағынбайды деген қағиданы теріске шығара бастады. Ел іші-сыртындағы бәсекелерде бірінен кейін бірі жеңіс тұғырынан көрініп, мерейімізді тасытып жүр. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қуаныш Рым­құ­лов 1996 жылы Атланта Олим­пиадасына қатысқанына мәз болған едік. Ал 2006 жылғы қазақ жастары арасынан тұңғыш рет жеңісті жолды бастаған Қуаныш Рахатовтан кейін зілтемір қазаққа жат спорт емес екенін байқадық. Ол осы жылы Қы­тайдың Ханжу қаласында өткен жастар арасындағы әлем біріншілігінде 69 келі сал­мақта сынға түсіп, қола жүлдегер атанып қайтты. 2008 жылы Каназава және 2009 жылы Талдықорғанда ұйымдастырылған ересек­тердің Азия чемпионатында 85 және 94 келі салмақта өнер көрсеткен Алмас Өтешов қатарынан екі мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. 2009 жылы Тайландтың Чиангмай қаласындағы жасөспірімдердің әлем бі­рін­шілігінің тұсауы кесілді. Онда қос қанда­сымыз Қазақстан қоржынына екі медаль салды. Оның бірі 77 келі салмақтағы Ербол Мейірманов болса, екіншісі 94 келі салмақтағы Ғалымбек Тілеуов.

2010 жылы Сингапурде Дүниежүзілік жасөспірімдер ойындарында Жазира Жаппарқұл (63 келі) чемпион атанса, Рустем Сыбай (77 келі) қола жүлдегер атанып қайтты. Осы жылы қараша айында Гуанчжоуда өткен Азия ойындарында Дәурен Шауетеев үздік үштіктен көрінді.

2011 жылы Перуде өткен жасөспірімдер арасындағы әлемдік додада Әділбек Балқаев (77 келі) жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді. Ал осы жылы Малайзия­да өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақтың қаракөз қызы Анна Нұрмұхамбетова ел қоржынына күміс жүлде сыйлады. Ол 2012 жылы Лондон Олимпиадасына қатысып, 5 орынға дейін қол жеткізе алды. Айта кетейік бұл Олипиадаға Алмас Өтешев те қатысып, 7 орынға табан тіреген болатын.

2012 жылы Гватемаланың Антигуа қала­сында Жазира Жаппарқұл (69 келі) қазақ қыздары арасынан алғашқы болып жастар арасында әлем чемпионы атанды. Осы біріншілікте тағы бір қазақ ұланы Жасұлан Қыдырбаев (94 келі) қола жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ осы жылы Гүлназ Наурызова (75 келі) Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Бұл ересектер дуында қазақ қыз­дарының алған алғашқы жүлдесі болып, тарих бетіне алтын әріппен жазылған болатын. Осы бәсекеде ерлер арасында Нұрсұлтан Рахатов (77 келі) күміс жүлдені қанжығасына байлады. Ал Словакияның Кошице қаласында жасөс­пірімдер арасында өткен әлем біріншілігінде Ғалымжан Жұбатқанов (77 келі) қола жүлдегер атанды. 2013 жылы Польшаның Вроцлав қала­сында ересектер арасында әлем біріншілігі өтті. Осы додада Алаштың ұлы Сыр бойының саңлағы Алмас Өтешев ауыр атлетикадан қазақтан шыққан тұңғыш жүлдегер атанды. Ол 94 келі салмақта сынға түсіп, күміс медальді олжалап қайтты. Ал сол жылы Астанада өткен Азия біріншілігінде Анна Нұрмұ­хамбетова (75 келі) Азия чемпионы атанды. Перуде Жазира Жаппарқұл (69 келі) жастар арасындағы әлем біріншілігінде күміс жүлдені жеңіп алды. 2014 жыл. Бұл жылды қазақ жанкүйерлері әсте есінен шығармайтыны анық. Тамыз айында Нанкинде өткен жасөспірімдердің Дүние­жүзілік Олимпиадасында Жасұлан Қалиев (77 келі) қола медаль иегері атанып қайтса, қыркүйек айында Инчхонда өткен Азия ойындарында Алмас Өтешев күміс жүлдені қанжығасына байлады.

Ал осы жылы Алматыда өткен әлем чем­пионатында қос бірдей тарихи оқиға орын алды. 14 қараша күні қос бірдей қандасымыз жеңіс тұғырына көтерілді. Алғашында 19 жасар Жазира Жаппарқұл (69 келі) күміс медальді иеленсе, көп кешікпей 22 жастағы Жасұлан Қы­дырбаев (94 келі) әлем чемпионы атанды. Міне, бұл қазақ қыз-жігіттерінің әлем біріншілігіндегі бұрын соңды болмаған жетістіктері еді. Ауыр атлетикадан қазақ өрендерінің жетістіктері осылай өркендеп келеді. Бұл жолы да Жазираға, Алмасқа, Жасұланға биіктерден көрінуіне тілектеспіз.

Ал биыл Тайландта өткен Азия чемпио­на­тында үш бірдей қандасымыз алтын тұғырға көтерілді. Олар: Айдар Қазов (77 келі), Ермек Өміртай (85 келі) және Рүстем Сыбай (94 келі). Ал Әсем Садықова (58 келі), Фаина Сыбанбаева (63 келі) және Майра Файзоллаева (63 келі) қола жүлдегер атанып қайтты. Міне, жоғарыдағы қазақ қыз-жігіттерінің жетістіктеріне көз жүгіртер болсаңыз жылдан жылға зілтемірді серік еткен қазақ жастарының табысында қарқынды өрлеу бар екенін аңғару қыиын емес.

Ал жалпы ауыр атлетикадан Қазақстан спортшыларының Тәуелсіздіктен бері қарайғы әлем біріншілігіндегі жетістіктерін төмендегі кестеден көре аласыздар:

1993-2014 жылдар аралығында Қазақстан ауыр атлеттерінің әлем чемпионаттарындғы нәтижелері

Жылы

Спортшының аты-жөні

Алған медальдары

Барлығы

алтын

күміс

қола

1

1993

[ Анатолий Храпатый ]

1

1

2

1994

[ Анатолий Храпатый ]

1

2

3

Андрей Макаров

1

4

2005

Илья Ильин

1

1

5

2006

Илья Ильин

1

1

6

2009

Владимир Седов

1

5

7

Зүлфия Шиншанло

1

8

Майя Манеза

1

9

Светлана Подобедова

1

10

Владимир Кузнецов

1

11

2010

Майя Манеза

1

2

12

Светлана Подобедова

1

13

2011

Илья Ильин

1

4

14

Зүлфия Шиншанло

1

15

Майя Манеза

1

16

Светлана Подобедова

1

17

2013

Алмас Өтешов

1

2

18

Владимир Седов

1

19

2014

Жасұлан Қыдырбаев

1

6

20

Илья Ильин

1

21

Зүлфия Чиншанло

1

22

Владимир Седов

1

23

Жазира Жаппақұл

1

24

Кирилл Павлов*

1

Барлығы:

13

5

6

24

* 2014 Алматыда өткен әлем чемпионатында 77 келі салмақта чемпион атанған албаниялық спортшының допинг қолданғаны белгілі болып, оның алтын медалі қайтарылды. Сөйтіп, төртінші орын алған қазақстандық Кирилл Павлов үшінші орынға көтерілді.

Күнсұлтан Отарбай