Еламан Ерғалиев «Қазақстан Барысы» атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен «Қазақстан барысы-2017» турнирінде «су жаңа» чемпион шықты,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еламан Ерғалиев «Қазақстан Барысы»  атанды

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Алматы облысының өкілі Ұлан Рысқұл мен әскер барысы Еламан Ерғалиев бас жүлдеге таласты. Аса тартысты өткен шешуші сында Еламан Ұланды қапы қалдырып «Қазақстан барысы-2017" атағын жеңіп алды.

Осылайша Ұлан Рысқұл күміс жүлдегер, Айбек Нұғымаров қола жүлдегер атанды.

null 

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды жеңіп алған Ерғалиев 25 миллион теңгені және алтын белбеу мен алтын тайтұяққа ие болды. Ал оның бапкеріне 3,5 миллион теңге сыйақы тапсырылды.

Екінші орын алған Ұлан Рысқұл 5,5 миллион теңгемен марапатталса, бапкері 1,8 миллион теңгеге ие болды. Үздік үштікті түйіндеген Айбек Нұғымаровқа 1,8 миллион теңге сыйақы тапсырылса, бапкері  900 мың теңгені қанжығасына байлады.

null