Елбасы А.Атамбаевқа ағасы Қ.Шаршеновтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевқа ағасы Қалыйбек Шаршеновтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Елбасы А.Атамбаевқа ағасы Қ.Шаршеновтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қ.Шаршеновтың мезгілсіз қазасы туралы қаралы хабарды өзінің зор күйзеліспен қабылдағанын және шын ниетімен көңіл айтатынын жеткізді.