Елбасы «А» басқарушы корпусы мемлекеттік қызметшілері конкурсының бірінші қорытындысына терең талдау жасауды тапсырды
АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - «А» басқарушы корпусы мемлекеттік қызметшілері конкурсының бірінші қорытындысына терең талдау жасау тапсырылды.
Аталған тапсырманы бүгін «А» басқарушы корпусы мемлекеттік қызметшілерімен кеңес өткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев берді.
«Бастапқыда атап өткенімдей, бірінші конкурстың қорытындысын терең талдау, оны өткізудің шарттарын жақсарту бойынша шаралар қабылдау қажет. Бірінші кезекте, әділ өткізу үшін», - деді Елбасы.
Осы ретте Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігі, Үкімет және Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне бірнеше ай бойы осындай сараптамалық жұмыстар жүргізуді тапсырды.