Елбасы агроөнеркәсіптік кешеннің тиімділігін арттыруға бағытталған заңға қол қойды
АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешеннің тиімділігін арттыруға және ветеринарлық істі жақсартуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.