Елбасы әкімшілік реформаларды шұғыл түрде орындауға тапсырма берді - Мемлекеттік басқару академиясының ректоры

АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Күні кеше ғана Президент елімізде әкімшілік реформаларды шұғыл түрде орындау мәселесін ерекше атап өтті.
None
None

 Бұл туралы бүгін Астанада өткен жиында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірасылов мәлім етті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, Президент Әкімшілігіның басшысы Кәрім Мәсімовтің жетекшілігімен арнайы жұмыс тобы құрылды. Ол жақын арада әкімшілік реформалардың барлық тетіктерін зерттеп шығуы тиіс. Әрине, басқару жүйесі мен мемлекеттік қызметтің аталған жұмыстан тыс қалмайтыны айдан анық», - деп атап көрсетті Б.Әбдірасылов.

Соңғы жаңалықтар