Елбасы: Ақпараттық сала - заманауи мәдениеттің ажырамас бөлігі

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Ақпараттық сала - бұл заманауи мәдениеттің ажырамас бөлігі.

Елбасы: Ақпараттық сала - заманауи мәдениеттің ажырамас бөлігі

Бүгін Астанада өз жұмысын бастаған Еуразия медиа форумында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Мемлекет басшысының айтуынша, жақын келешектегі 5 жыл ішінде жалпыәлемдік интернетке қолжетімділік пен одан кейінгі оның контентін пайдалану мен құру төлемінің жыл сайынғы өсімі орта есеппен 9 пайызды құрайды. Бұдан бөлек, бұқаралық ақпарат құралы маңызы жағынан ақпараттар ең көп тұтынылатын дәуірге өтіп барады. «Бұның өзі электрондық, баспасөз медиа үшін де жаңа жағдайлар қалыптастырмақ. Менің ойымша, алдағы онжылдық перспективада газеттер мен баспа өнімдері жоғалып кетпейді, өз заманында кино пайда болған тұста театр да жоғалып кетпегені белгілі. Кино мен радио да телевидение дамыған тұста жоғалған жоқ. Телерадио да интернет пайда болғанда құрыған жоқ. Жалпы, ақпараттық сала - бұл заманауи мәдениеттің ажырамас бөлігі. Дәл осы тұрғыдан біз Қазақстанда массмедианы дамыту мәселесін қарастырып, онда біздің қоғамымыздың бірлігі факторын, прогресс жолында Қазақстанның қозғалысын сенімді қамтамасыз ету дүниелерін көріп отырмыз», - деді Н. Назарбаев.