Елбасы алдағы жеті жылда еңбек өнімділігін 1,7 есе арттыруды тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» атты жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2025 жылға қарай еңбек өнімділігін 1,7 есе арттыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Есеп-қисаптардан біраз дүниеге қол жеткізгеніміз көрініп тұр. Дегенмен, әлемге өктемдік етіп тұрған жаңа сын-тегеуіріндер бізден нақты нәтижелер мен үшінші индустрияландыру бағдарламасының стратегиясын ойластыруды талап етеді. Ол өңдеу өнеркәсібі мен экспорттың дамуына шоғырландырылып, сабақтастығын сақтауы тиіс. 2025 жылға қарай еңбек өнімділігі 1,7 есе, өнім экспорты 2,3 есе өсуі қажет. Әрбір жылды  осы көрсеткіштермен қорытындылап, тоқсан сайын қандай облыс, қандай сала еңбек өнімділігін көтергенін қадағалап отыру керек. Бұл маңызды. Олай болмаған жағдайда артта қаламыз, адамдардың табысы, экономика өспейді», - деді Елбасы.

Осы ретте Мемлекет басшысы еліміздің барлық мұнай өңдеу зауыттары жаңғыртылғанын атап өтті.

«Енді Қазақстан өзін мұнай өнімдерімен қамтамасыз етеді. Оның ішінде үнемі сырттан алып келген авиациялық  отын да бар. Біз оны аяқтадық, қор жеткілікті.  Электр энергиясында профицит бар», - деді ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар