Елбасы әлемдік лидерлермен кездесулер өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйектің 4-5 күндері Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен G20 елдерінің ХІ саммитіне қатысты.

Елбасы әлемдік лидерлермен кездесулер өткізді

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесуде тараптар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, сондай-ақ байланыстарды одан әрі дамыту перспективаларын қарастырды. Мемлекет басшысы еліміз бен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың жемісті екенін айтып, Қазақстан ұйымның жаһандық бастамалары мен жобаларын қолдайтынын жеткізді.

Пан Ги Мун елімізбен тиімді серіктестіктің одан әрі нығайып, дами беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысының Еуропалық комиссия­ның төрағасы Жан-Клод Юнкермен кездесуі ба­ры­сында Қазақстан мен Еуропалық одақ ара­сын­дағы саяси және сауда-экономикалық байланысты нығайту перспективалары қарасты­рылды.

Елбасы Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэймен кездесуде елдер арасындағы екіжақты өзара қарым-қатынас мәселелерін талқылады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды.
Нұрсұлтан Назарбаев Д.Кэмеронның премьер-министр болған кезінде өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізілгенін атап өтіп, Т.Мэйді елімізге сапармен келуге шақырды.

Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдомен кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың сауда-экономикалық, инвес­тициялық және мәдени-гуманитарлық салалар тәрізді басты бағыттарына қатысты пікір алмасылды. Сондай-ақ халықаралық дамудың көптеген мәселелері бойынша ұстанымның ортақтығы, сондай-ақ түрлі салаларда, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласында екіжақты өзара іс-қимылды нығайту үшін зор әлеует бар екені айтылды.

Мемлекет басшысының Түркия Респуб­ли­ка­сының президенті Режеп Тайип Ердоған­мен кездесуі барысында екіжақты ынты­мақ­тастықтың кең ауқымды мәселелері қарастырылды. Тараптар өңірлік және ха­лық­аралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы жағдай жөнінде де пікір алмасты.

Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэмен келіссөз барысында тараптар сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гума­нитарлық салалардағы байланыс­тарды нығайту перспективалары тәрізді екі­жақты өзара іс-қимылдың басты бағытта­рын тал­қылады. Сондай-ақ екі елдің көшбасшы­ары халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Екі елдің көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаев­тың Жапонияға алдағы сапарын тал­қы­лады.

Қазақстан Президенті мен Сауд Арабиясы мұрагер ханзадасының орынбасары Мұхаммед бен Салман кездесуі барысында екі ел серіктестігінің бірқатар негізгі бағыттары бойынша өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды. Тараптар түрлі сала­лардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығай­ту үшін зор әлеует бар екенін атап өтіп, мем­лекетаралық байланыстарды жанданды­руға уа­ғдаласты.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен Мұхаммед бен Салман өңірлік және халықара­лық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, Елбасы «Alibaba Group» директорлар кеңесінің төрағасы Джек Мамен кездесті. Кездесу барысында компаниямен ынтымақтастықты дамыту және оның Қазақстандағы қызметі аясын кеңейту перспективалары, соның ішінде электронды коммерция мен төлем жүйелерін интеграциялау саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында Ресей Федерациясының пре­зи­денті В.Путинмен, Франция прези­денті Ф.Олландпен, Германияның федеральды канцлері А.Меркельмен, Корея Рес­публи­касының президенті Пак Кын Хемен, Оңтүстік Африка Республикасының пре­зиденті Д.Зумамен, Мысыр президенті А.Сисимен, Сенегал президенті М.Саллмен, сондай-ақ Аргентина президенті М.Макримен әңгімелесті.
Мемлекет басшысы Испанияның премьер-министрі М.Рахой, Италияның премьер-ми­нистрі М.Ренци және Үндістанның премьер-министрі Н.Модимен түрлі салалардағы екі­жақты ынтымақ­тастық мәселелері жөнінде пі­кір алмас­ты.