Елбасы Әлібек Дінішевпен бірге ән шырқады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен халық әртісі Әлібек Дінішевтің «Сүйем сені, туған жерім» («Люблю тебя, мой край родной») әнін бірге шырқаған видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Елбасы Әлібек Дінішевпен бірге ән шырқады

Ютубтегі арнада жарияланған шағын видеороликте кездесу және өткен ғасырдың ортасындағы қарай - Нұрсұлтан Назарбаев пен Әлібек Дінішевтің жастық шағындағы ескі газеттер жарияланымынан естеліктер көрсетіледі. Видеода Елбасының жас кезіндегі фотосуреттері мен Әлібек Дінішевтің жас кезде алған алғыс хаттары көрсетілген. Роликте сонымен бірге Мемлекет басшысының өткен ғасырдың шамамен тоқсаныншы жылдарына қарай халықпен кездесуінен үзінді ұсынылған.


Еске сала кетсек, Елбасы бүгін Әлібек Дінішевті қабылдаған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев Әлібек Дінішевтің Қазақстан мәдениеті мен өнерін дамыту және ілгерілету ісіндегі айрықша рөлі мен сіңірген еңбегін атап өтіп, халық әртісінің Астана қаласы мен бүкіл тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу үдерістеріне куә болып, белсенді атсалысып келе жатқанын айтқан еді. ҚР Президенті сондай-ақ Ә.Дінішевті елорданың 20 жылдығына орай «Астана Опера» театрында қойған концертінің табысты өтуімен құттықтады.

валюта
Ұқсас жаңалықтар

Апта басында доллар бағамы қандай