Елбасы Алматы және Павлодар облыстарында Арнайы экономикалық аймақтарды құруды қолдады - К.Мәсімов
АНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы және Павлодар облыстарында Арнайы экономикалық аймақтарды құруды қолдады. Бұл туралы бүгін селекторлық режимде өткен Үкімет отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті.
«Алматы және Павлодар облыстары үшін 2 жаңа аймақты құруды Мемлекет басшысы қолдады», - деп атап өтті Премьер-Министр.
Үкімет отырысы барысында Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев өңірде Арнайы экономикалық аймақты құру бойынша белсенді жұмыстар атқарылып жатқандығын жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, негізгі бағыт индустриялық-химия саласына негізделген. «Қазіргі кезде германиялық басқарушы компаниямен жұмыс жасап жатырмыз. Жақын арада бұл саладағы сарапшылар келеді деп күтілуде», - деді облыс әкімі.