12:56, 03 Маусым 2010 | GMT +5
Елбасы Алматыда 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарына арналған кеңес өткізді
strong> Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарына арналған кеңес өткізді. Басқосуда Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында салынып жатқан құрылыс нысандарының барысы сараланды.
Келелі кеңеске ҚР Спорт және туризм министрі Темірхан Досмұхамедов, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошун қатысты. Олар Елбасына қысқы Азия ойындарына дайындық барысы туралы баяндады. ҚР Спорт және туризм министрінің айтуынша, 7-ші қысқы Азия ойындары өтетін нысандар қатарына жақында Алматы облысының Табаған демалыс кешені де қосылған. Қазіргі кезде жөндеу мен құрылыс нысандарын салу жұмыстары қызу жүргізілуде. Олардың құрылысы Азия ойындарына дейін толық аяқталмақ.