10:06, 01 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Елбасы Алматыда өтетін ғалымдардың форумында ғылымның жаңа бағыттарын айқындайды - М.Жұрынов
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Елбасы Алматыда Қазақстан ғылымының жаңа бағыттарын айқындайды. Оны Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов Алматы Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін Қазақстан ғалымдары форумы алдында айтты.

Біз Елбасының баяндамасын аса күтіп отырмыз. Онда Қазақстан ғылымының жаңа бағыттары мен ғылымды қаржыландыру жайы айтылады. Бұл Қазақстан ғылымының дамуына сөзсіз ықпал етеді», - дейді академик Мұрат Жұрынов.
Оның айтуынша, бұл шараға Қазақстанның 500-ге жуық жетекші ғалымдары қатысуда. Талқыланатын мәселелер ғылымның жаңа бағыттары және ғылымдағы жетістіктер. Ең бастысы, ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізу. Жақында өткен «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс съезінде ғылымға бөлінетін қаржы 2017 жылы жалпы ішкі өнімнің бір пайызын құрайтынын айтқан еді. Бұл алдағы 5 жылда ғылымға бөлінетін қаржы 4 есе өсетінін аңғартуда. Қазіргі таңда ТМД елдерінде Қазақстаннан басқа бірде бір мемлекет ғылымның қарқынды дамуына қолдау жасап жатқан жоқ.