Елбасы аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бәйкен Әшімовтің дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады
АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бәйкен Әшімовтің дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады,
деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
«Бәйкен Әшімов шын мәнінде білімді, талантты, талапшыл, адамгершілік қасиеттерге бай, аса беделді тұлға бола білді. Халқымыз оның өнегелі өмірі мен еңбегін ұмытпайды. Бұл кейінгі ұрпаққа жақсы үлгі болуы тиіс» - делінген жеделхатта.