Елбасы Астана бүкіл әлемнің туристері тартылатын орталыққа айналуы тиіс деп санайды

 АСТАНА. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін елорданы дамыту мәселелеріне арналған кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана бүкіл әлемнің туристері тартылатын орталыққа айналуы тиістігін айтты,

Елбасы Астана бүкіл әлемнің туристері тартылатын орталыққа айналуы тиіс деп санайды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Біз іште де, сыртта да жаппай туризмді дамыту қажеттігі жайлы бұрыннан бері айтып келеміз. Астана бұл мәселеде республикада айрықшы орынды иеленуі, бүкіл әлемнің туристері тартылатын орталық болуы тиіс», деді кеңесте Н. Назарбаев.

 Елбасы Астанада туризмді дамыту мәселесіне жеке өзі айрықша назар аударып отырғанын жеткізді. «Мен осыған тырысудамын. Қаланың ғимараттары, сәулет бейнесі бірегей, бәрі туризмді дамытуға сәйкес келеді. Жанымызда Бурабай курортты аймағы бар. Биыл екі араны жалғайтын әлемдік стандарт бойынша бірінші сыныпты автожол құрылысы аяқталады», деді Президент.