17:30, 05 Шілде 2013 | GMT +5
Елбасы: Астана - егемендігіміздің тірегі, елдігіміздің жүрегі
АСТАНА 5 шілде. ҚазАқпарат - Астана - егемендігіміздің тірегі, елдігіміздің жүрегі. Бұл туралы бүгін Астананың 15 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Еркін ойлап, дербес шешім қабылдайтын тәуелсіз әрекет қылатын азат ел екенімізді бүкіл дүниеге таныттық. Сондықтан да Астана біздің егемендігіміздің тірегі, елдігіміздің жүрегі, азаматтығымыздың айнасы болып саналады. Қазақ елінің жасампаздығын паш еткен ұлы көш оңай болған жоқ. Оны бәріміз бірге жүзеге асырып, бүгінгі биіктерге жеткіздік. Тәуелсіздіктің тұғырын мызғымастай берік етіп, нығайта отырып, мәңгілік ел болуды мақсат еттік. Астанасына қарап елін таниды. Астана келбеті ұлт келбеті»,-деп атап өтті Н. Назарбаев.