17:37, 13 Наурыз 2017 | GMT +5
Елбасы «Астана ХҚО» туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесі туралы және «Астана халықаралық қаржы орталығы туралы заңнаманы әрі қарай жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілерін сот жүйесі туралы және «Астана халықаралық қаржы орталығы туралы заңнамадағы өзгерістерге сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің және «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды.
Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.