Елбасы Астана күні қарсаңында тапсырылып отырған «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жаңа әкімшілік ғимаратымен танысты

None
None
АНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана күні қарсаңында пайдалануға тапсырылып отырған «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жаңа әкімшілік ғимаратымен танысты.

Ғимараттың биіктігі 175 метрді құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Аталған мекеменің мәліметіне қарағанда, әкімшілік ғимараттарының  біріншісі 37, ал екіншісі 40 қабаттан тұрады. Соңғы буынның кеңселік, инженерлік-коммуникациялық құралдарымен жабдықталған нысанда жолаушылар мен жүк тасымалын диспетчерлік басшылық бір орталықтан жүзеге асырылады. Онда мамандар жүктің соңғы нүктеге дейін жеткізілуін, вагондар мен локомотивтерді реттеуді үйлестіреді. Сонымен қатар орталықтың мақсаты -ТМД және басқа да елдердің теміржол жүйесінде байланыста болуға, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мен теміржол инфрақұрылымын техникалық жағынан жарамды жағдайда ұстап тұруға бағытталған.

«Орталықта жаңа бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірледік. Олар жедел түрде тасымалдаудың барлық үдерістерін қадағалап отырады. Бұл еліміздегі алғашқы орталық. Атап айтқанда, ол теміржол саласындағы жұмыстың тиімділігі мен көрсеткіштерін арттырып, жолаушылар пойыздары қозғалысын үдете түседі», деді Тасымалдау дирекциясының бастығы Бауыржан Орынбасаров.

Мұнымен қоса, бас ғимаратта қызметтік, техникалық және басқа да кеңселер, сондай-ақ 800 орындық әмбебап конференциялық зал, мейрамхана, спорттық-сауықтыру кешені, жерасты автотұрақ орналасқан.

Соңғы жаңалықтар