Елбасы Астанада әйелдер күніне арналған салтанатты концертті тамашалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз - халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған «Әлемнің жарығы» атты салтанатты концертті тамашалады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында өткен мерекелік концертте отандық эстрада әртістері мен жұлдыздары өнер көрсетті.