Елбасы Астанада қазақ мейрамханаларын ашып, ұлттық асхананы насихаттау қажеттігін айтты

АСТАНА. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ -  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада қазақ мейрамханаларын көптеп ашып, ұлттық асхананы шетелдіктерге кеңінен насихаттау қажет деп санайды.

Елбасы Астанада қазақ мейрамханаларын ашып, ұлттық асхананы насихаттау қажеттігін айтты

Президент бұл пікірін бүгін Астана әкімдігінде елорданы дамыту  мәселеріне арналған кеңесте білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Шетелдіктер әдетте еліміздің ерекшелігі туралы көп білгісі келеді. Қалғанының барлығын олар көрді. Олар Қазақстанға келгенде, мұнда қандай ерекшеліктер бар, соны білгісі келеді. Қараңыздар, бізде қандай мейрамханалар жоқ, алайда ұлттық асхана ақсап тұр. Қазақ мейрамханалары іс жүзінде жоқ», деді кеңесте Президент.

 Мемлекет басшысы елордадағы мейрамханалардың ас мәзірлерінде көп мөлшерде пайдаланылатын ұлттық тағамдарымыз, ұлттық сусындарымыз жоқ екенін атап көрсетті. «Орталық Азияның барлық асханасы ортақ игілігімізге жатады», деді Елбасы.