13:52, 09 Қаңтар 2009 | GMT +5
Елбасы Астанадағы жаңа интеллектуалдық мектептің ашылу рәсіміне қатысады
АЛМАТЫ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Астанада қаңтардың 12-сі күні алғашқы интеллектуалдық мектеп ашылады. Оған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арнайы қатыспақ. Мұны Елбасы бүгін Алматыда №176 жалпы білім беретін жаңа мектептің ашылуына келген кезде айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алдағы бірнеше жылдың ішінде елімізде Елбасының тапсырмасы бойынша жалпы мұндай 20 мектеп салынбақ. Оның екеуі Астанада, екеуі Алматыда, ал қалғандары облыс орталықтарында бой көтереді. «Бұл мектептер жайдан-жай салынбайды. Математика мен физика бағытындағы бұл білім ордаларына дарынды балаларды іріктеу бұған дейінгі жұмыстардан басқаша болады. Оған қабылданған балалардың оқу ақысын 8 сыныпқа дейін мемлекет, ал одан кейін ата-аналардың өздері төлейді. Интеллектуалдық мектептің түлектері Қазақстанның және әлемнің ең озық жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік алады», ? деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.