Елбасы «Атом энергиясын пайдалану туралы» Заңға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атом энергиясын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ Елбасы «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына заңнаманы сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.