Елбасы атына қазақстандықтардан Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауында басым дауысқа ие болған «Нұр Отан» ХДП жеңісімен құттықтаған хаттар келіп жатыр
АСТАА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының атына қазақстандықтардан елімізде өткен Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауында сайлаушылардың басым дауысына ие болған «Нұр Отан» ХДП жеңісімен құттықтаған хаттар легі толассыз ағылуда.
Бұл жайлы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің бір топ ғалымдары жолдаған хатта «Нұр Отан» партиясының елімізді одан әрі өркендетуге, тұрақтылықты нығайтуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатын толық қолдайтыны, Елбасының даналығы Қазақстанды табысты және гүлденген мемлекет деңгейіне жеткізгені атап өтілген. Бұл хатқа академиктер Қ.Әділов, М.Бәкенов, Ш.Байысбеков, Г.Жолтаев, Д.Кішібеков, Қ.Мұқанов, Ғ.Нысанбай, Б.Рақышев, Ұ.Сыдықов, Е.Түркебаев және университет ректоры Ж. Әділов қол қойған.
Сонымен қатар, В.Аввакумов, Қ.Баймолдин, С.Бекболатов, А.Гулин, М.Жиенбаева, Ғ.Жұматов, В.Денисенко, Н.Запруднева, Ә.Игембаев, Р.Игібаева, Қ.Қаржасов, М.Манап, Г.Нұрахметова, Е.Тілегенов, Н.Шафер, Г.Шестопаловалар қол қойған Павлодар облысының шығармашылық қауым өкілдерінен келген ұжымдық хатта: «Сіз жүргізіп отырған саясатты үлкен жауапкершілікпен қабылдаймыз. Сіз бастаған мемлекетіміздің жолы - бүгінгі жарқын өміріміз, кемел болашаққа деген сеніміміз, қазақстандықтардың бірлігі мен тұтастығы, азаматтардың игілігі, қуатты және гүлденген Қазақстан!» делінген. Ал Павлодар қаласының тұрғыны А.Алақанұлы Елбасын «Нұр Отан» ХДП-ның парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтай келіп, ізгі тілегін: «Еңсесін елдің көтеріп, Уаттың жұртты жылаған. Әлемге елді танытқан, Бата алған дүйім халықтан, Жасай бер, жаса Нұрағам!», - деген жыр жолдары арқылы жеткізеді.