Елбасы әуелден Тәуелсіз Қазақстанның басымдықтарын дұрыс айқындады - Бердібек Сапарбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, 30 жылғы кемеңгерлік көшбасшылығында Елбасы Қазақстанның басымдықтарын дұрыс айқындады. Бұндай пікірді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Өткен 30 жылға талдау жасасақ, тарих үшін аса көп емес кезең, бірақ соған қарамастан бірқатар экономикалық және саяси реформаларды сәтті өткізуге мүмкін болды. Сонымен қатар, нарықтық экономикасы бар мемлекетті құру жолында елеулі табыстарға қол жеткізе алдық. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап теңдестірілген ішкі әрі сыртқы саясатты жүргізуде Елбасы басымдықтарды дұрыс айқындағанын атап өткен жөн», - деді министр.

Н. Назарбаев сыртқы саясатты да салмақты жүргізгеніне тоқталған Бердібек Сапарбаев, Тұңғыш Президент Қазақстанның экономикалық және геосаяси мүддесі негізінде алпауыт мемлекеттермен ынтымақтастық орнатқанын, соның нәтижесінде бүгінде халықаралық аренада еліміз беделді рөлге ие болғанын атап өтті.

Оның айтуынша, Тәуелсіз Қазақстанның тарихында Елбасының есімі жүзеге асырылған ауқымды стратегиялық жобалармен есте қалады. Осы орайда ЕҚЫҰ Саммиті, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі төрағалық, Сириядағы бейбітшілік үшін келіссөздерді жүргізу және басқа да маңызды оқиғалар бар.

«Тұңғыш Президенттің маңызды жобаларының бірі жаңа елорданы көшіруге, әлемдік деңгейдегі қала құрылысына да қатысты. Елбасы жаңа елорданың авторы екені баршаға аян. Бүгінде бұл шаһар XXI ғасырдағы бірегей әрі әсем астанаға айналып, Тәуелсіз Қазақстанның символы болды», - деді Б. Сапарбаев.

Еңбек министрінің пайымынша, Н. Назарбаев алдағы уақытта да елдің дамуы жолында өзінің үлесін қосуға айрықша мән береді.

«Елбасы халықтың әл-ауқатын арттыру бағытына үнемі ерекше назар аударуда. Сондықтан ең қиын деген кезеңдердің өзінде мемлекет азаматтар алдындағы өзінің әлеуметтік міндеттемелерін әрқашан орындап келді», - деді Бердібек Сапарбаев.

Соңғы жаңалықтар