12:08, 29 Қазан 2015 | GMT +5
Елбасы ауыл шаруашылығы кооперативтері мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев заңнамалық актілерді жаңа «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» заңға сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперативтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлайды.