Елбасы ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстарды сынға алды

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада еліміздің өткен 9 айының даму қорытындыларына арналған Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің ауыл шаруашылығындағы жұмыстарды сынға алды.
None
None

«Менің тапсырмама сәйкес ет пен ет өнімдерін экспортқа бағыттау бойынша кешенді бағдарлама әзірленді. 2016 жылға қарай ет экспорты 60 мың тонна болуы керек еді, бұған Ұлттық қордан 120 миллиард теңге бөлінді. Ал қазір не болып жатыр? Ағымдағы жылдың 7 айында бірде-бір ет экспортталған жоқ. Тек Ресейдің өзі бізден мың тоннаға жуық ет алуы керек еді. Есесіне біздің сөрелерді беларус еті жаулап алды», - деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы бұл ретте беларус елінде ауыл шаруашылығы өнімін субсидиялау 18 пайыз, ал Қазақстанда 4-5 пайыз ғана құрап отырғанын атап өтті. Сосын Президент Кедендік одақтағы бірыңғай қызметте ондай алшақтық болмауы керектігін алға тартты.

«Сосын біз азық-түліктің тұрақтандыру қорларын құрдық. Алайда оларға бөлінген қаражаттың 5 миллиард теңгесі немесе 40 пайызы депозиттерде жатыр. Мұндай қорлардың қызметіне қарамастан, бірқатар әлеуметтік тауарлар бағасы өсіп кеткен. Сонда бұл қорды не үшін құрдық? Бұл - бағаны төмендету үшін мемлекеттің халыққа жасап отырған жақсылығы. Ал сол мәселенің өзі тиімді боп тұрған жоқ», - деді Н. Назарбаев.

«Жалпы ауыл шаруашылығы бойынша мемлекетке тигізген залал туралы әңгіме көп. Азық-түлік корпорациясы туралы да тергеулер болып жатыр. Нақты заң бұзушылықтар болса, сонымен жұмыс істеу керек», - деді Президент.

Соңғы жаңалықтар