Елбасы: Ауыл шаруашылығына қажеттіні салалық үш ЖОО-дан талап ету қажет

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайға екікүндік жұмыс сапарымен келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен өткен кездесуде көлік инфрақұрылымын, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне тоқталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Мемлекет басшысы атап өткендей, елдегі жол жүйесінің дамуы заманауи көлік инфрақұрылымын жасақтауға септігін тигізеді.

«Жол - өмір сүрудің өзегі. Біз заманауи талаптарға жауап беретін, төзімді тас жолын салу арқылы экономикамызды ілгерілете аламыз. Біздің ішкі өнімдерге деген сұраныс артады. Осылайша, әлемдік бәсекелестікке шығамыз», - деді Елбасы.

Президент сондай-ақ ауыл шаруашылығында ғылымды белсенді пайдалану қажеттігін атап өтті.

«Ауыл шаруашылығында ғылымның атқаратын рөлі зор. Ғылымдағы жетістіктерді өзімізде қодану арқылы агроөнеркәсіптік кешенді дұрыс жолға қоюға болады. Қазір Қазақстанда үш аргарлық университет бар. Үшеуінің де бағыты бір-біріне ұқсамайды. Міне, ауыл шаруашылығына керектілерді осы оқу орындарынан талап етіңіздер. Кадр тапшылығы болмауы қажет» - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Алтынсарино» ЖШС директоры Борис Князев жергілікті шаруалардың ғылымды игеріп келе жатқанын жеткізді.

«Қарабалық ауданында диқандар таттануға төзімді сұрыппен айналысуда. Түрлі ауруларға төтеп бере алатын сұрып шығару басты талап болып отыр. Біз қазір осындай сұрыптарды қолданып келеміз», - деді Князев.

Мұнан соң, «Львов» ЖШС директоры Андрей Двуреченский Жітіқара ауданындағы дән тазартқыш кешен құрылысының аяқталып қалғанын баяндады. Бұл нысанды салуға 220 млн теңге жұмсалды.

«Біз шаруашылыққа нөлдік технологияны енгіздік. Ол биылғы құбылмалы ауа райына қарамастан 18,8 центнер астық алуға мүмкіндік берді. Бұл көрсеткіш облыстағы орташа шығымдылықтан 6 центнерге артық», - деді кәсіпкер.

Соңғы жаңалықтар