Елбасы ауылшаруашылық өнімдерінің әлемдік сұранысына дайын болуды тапсырды

«Ауыл шаруашылығы саласы болашақта экономиканы дамытудың негізгі драйвері болатынын үнемі айтып жүрміз. Барлық елдер өздерінің жерлерін игеріп болды. Осы орайда, технологиялық жетістіктердің ең жоғары шыңына шықты. Енді олар (егістіктерінде) бұдан жоғары өндіре алмайды. Дүниежүзінде қалған жер (игеруге болатын) Қазақстан, Ресей, Украинада қалды», - деп тоқталды Елбасы.
Осы орайда Президент елдегі ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті.
«Егер де барлық елдер АҚШ-тағы секілді азық-түлікті көбірек тұтынатын болса, әлемдегі азық-түлік 2,5 млрд адамға ғана жетеді. 2040 жылы Жер бетінде 8,9 млрд халық болады. Сондықтан ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың артуына байланысты барлығы бізге келеді. Осы үрдістерге дайындалу керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуетіне жекелей қарау қажет. Қанша қаржы керек болса, соны берейік. Бірақ нақты нәтижеге қол жеткізу керек», - деді Мемлекет басшысы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа қарата айтқан сөзінде.