Елбасы Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия 10 жылда ауқымды жұмыстар атқарғанын айтты

АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Астанада өткен Қазақстан әйелдерінің V форумында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия 10 жылдың ішінде мемлекет үшін маңызды ауқымды жұмыстарды атқарғанын атап көрсетті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстан әйелдерінің қазіргі бесінші форумы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрылғанының 10 жыл толуына орай өтіп отыр. Бұл комиссия осыдан 10 жыл бұрын қиындығы қазіргіден бір мысқал кем емес кезеңде құрылды. Ол кезде біздің экономика Оңтүстік Шығыс Азия дағдарысының ықпалын басынан өткерді. Жұмыс істеген осы жылдар ішінде Ұлттық комиссия толымды істер тындырды», деді Елбасы өз сөзінде. Президент осы жылдар ішінде елімізде гендерлік заңнаманың тұтастай топтамасы әзірленіп, жұмыс істей бастағанын айтты. - 1999 жылы Қазақстандағы әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші ұлттық іс-қимыл жоспары қабылданды. Осы жылдарда Парламент БҰҰ-ның тұрмысқа шыққан әйелдің азаматтығы жөніндегі, әйелдердің саяси құқықтары туралы конвенцияларды, әйелдер мен балалардың құқықтарына қатысты халықаралық ұйымдардың бірқатар актілерін ратификациялады. Елбасы соңғы жылдары мемлекет әйелдер мен балаларды әлеуметтік қолдауды күшейткенін айта келе: «Бұл істе маған және Үкіметке, Парламентке тиісті ұсыныстар енгізген Ұлттық комиссияның үлесі зор», деді.
Соңғы жаңалықтар