15:33, 09 Тамыз 2015 | GMT +5
Елбасы: Б.Байбек маңызды сайлау науқандарына қатысты
АЛМАТЫ-АСТАНА. ҚазАқпарат - Бауыржан Байбек - осындай лауазымға тағайындалып отырған «Болашақ» бағдарламасының бірінші түлегі. Мемлекет басшысы Алматыда өткен қалалық мәслихаттың сессиясы барысында еліміздің ірі қаласы әкіміне кандидатурасы депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапқан Бауыржан Байбек жайлы осылай атап өтті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бауыржан Байбек - осындай лауазымға тағайындалып отырған «Болашақ» бағдарламасының бірінші түлегі Ол сыртқы істер министрлігі жүйесінде, Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болды. Қасымда жұмыс істей жүріп, менің қызметімді көрді, бүкіл республикамызды аралады, маңызды сайлау науқандарына қатысты, ал бізді алда парламенттік сайлау күтіп тұр, бұл оңай сынақ емес. Оның қала алдында тұрған міндеттерді елде жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар аясында сіздермен бірлесіп шеше алатынына сенімдімін, - деді Қазақстан Президенті.