Елбасы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу туралы Жарлыққа қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 Елбасы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу туралы Жарлыққа қол қойды

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабы 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп  отырған  «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу қағидалары бекітілсін.

2. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды 2017 жылғы 1 шілдеге дейін өткізілсін.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мыналарды:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды;

2) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу тәртібі мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын өткізуді қамтамасыз етсін.

4. Осы  Жарлықтың орындалуын  бақылау Қазақстан  Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

    Президенті                                                                 Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 30 желтоқсан

                      № 404

Жарлықтың қосымшаларын мына жерден жүктеп алып танысуға болады.