17:44, 10 Шілде 2009 | GMT +5
Елбасы балалардың қадағалаусыз қалуының алдын алуды күшейтуге бағытталған заңға қол қойды
АСТАНА. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балалардың қадағалаусыз қалуының алдын алу және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызсметіне сілтесме жасап.
Аталған Заң балалардың қадағалаусыз қалуының алдын алуды күшейтуге, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және балалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдауға бағытталған.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.