Елбасы Bank RBK проблемаларына қатысты: Жеке тұлғалар өз қаржысына қол жеткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясы Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Bank RBK» АҚ-ның айналасындағы проблемаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Отырыс барысында «Тұтынушылар Ұлттық палатасы» РҚБ президенті Светлана Романовская соңғы кездерде «Bank RBK» АҚ-ға қатысты ахуал қиындағанын, осының салдарынан банк клиенттеріне тиісті деңгейде қызмет көрсетілмей жатқанын атап өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аталған проблемамен жақсы таныс екенін жеткізді.

«Бұл мәселе негізінен өздерінің адамдарын қаржыландыру үшін акционерлер тарапынан жасалған ұрлыққа қатысты. Осы тұрғыда акционерлерді тиісті тәртіпке келтіретін боламыз. Ұрылар өздеріне "лайықты жерде" отыруы керек. Оларды ақшаны қайтаруға мәжбүрлейміз, яғни осы банктің жұмысын тұрақтандыруға тырысамыз. Әсіресе, жеке тұлғалар өз қаржысына қол жеткізетін  болады»,-деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент бүгінгі күні ҚР Үкіметі мен Ұлттық банк белсенді жұмыс істеп жатқанын, сондай-ақ «Bank RBK»-ның сақталуы назарда тұрғанын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік , жақында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов Парламент Сенатының отырысында РБК банкіне қатысты туындап жатқан мәселе турасында пікір білдірген болатын.

Соңғы жаңалықтар