Елбасы Бегмат елорда мектептері арасындағы көшбасшы-оқушы байқауының жеңімпазы атанды
АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге орайластырылған елорда мектептері арасындағы көшбасшы-оқушы байқауының финалы өтті. Елорданың ресми сайтының жазуынша, қатысқан 48 мектептен іріктеліп алынған 20 финалист бүгін қорытынды кезеңінде Оқушылар сарайында соңғы сайысқа шықты.
Елорда мектептері арасындағы көшбасшы-оқушы байқауының жеңімпазы болып № 52 мектеп-гимназия оқушысы Елбасы Бегмат танылды.
«Елбасы деген есім маған бала кезден-ақ, көшбасшы болуға үндеді. Әрі мені отбасымда осы қасиетті бойыма дарытуға тәрбиеледі», - дейді ол.