16:51, 17 Ақпан 2010 | GMT +5
Елбасы белгілі әдебиетші-ғалым Рымғали Нұрғалидың дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады
АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат - Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі әдебиетші, ұлағатты ұстаз, абзал азамат Рымғали Нұрғалидың дүниеден өтуіне байланысты, марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады,
деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
«Рымғали Нұрғали - кемел білім мен халқын қалтқысыз сүйген үлкен жүректің иесі еді. Ол бүкіл саналы ғұмырын туған халқын рухани тұрғыдан кемелдендіруге арнады. Академик Нұрғалидің еңбегі мен жарқын дидарын халқымыз ұмытпайды» - делінген жеделхатта.