18:40, 10 Тамыз 2010 | GMT +5
Елбасы белгілі қаржыгер Дәулет Сембаевты мерейтойымен құттықтады
АЛМАТЫ. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Қазақстанның қаржы жүйесінің қалыптасуына елеулі еңбек сіңірген белгілі қаржыгер Дәулет Сембаев 75 жылдық мерейтойына орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан құттықтау жеделхатын алды,

деп хабарлайды Қазкоммерцбанктің баспасөз қызметі.
Жеделхатта Елбасы мерейтой иесінің экономикалық реформалар мен қаржы жүйесінің қалыптасуына елеулі еңбек сіңіргенін атап өткен. «Қазақстандық экономистер арасында Сіз туралы бай тәжірибесі бар, терең білімді адам ретінде әрқашан ерекше құрметпен айтады. Сіз Ұлттық банктің алғашқы төрағасы, қазіргі зейнетақы жүйесін жасаушылардың бірі ретінде отандық қаржы саласының дамуына үлкен үлес қостыңыз», делінген жеделхатта.
Мерейтой иесін Елбасымен қатар ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко құттықтап, жеделхат жіберген.